top of page

Платинаға арналған блог

Ақылдым

Сенде жылап отырсың-ау, Ақылдым!?

Менде өзімді терең ойға батырдым...

Жалғыз үміт қонып жүрген бөлмеде-

Жалғыздықты құшақтап ап жатырмын...

 

Жатқа күлкі қылмайын деп басымды,

Жан сырымды жалған күлкі жасырды.

Ешкім жоқта егілсемде мұң тербеп-

Елесің кеп сүртіп кетед жасымды...

 

Бағым басым болмаған соң сорымнан,

Көңілімді тербемейді көгімде ән...

Алақаныма үміт іздеп қараймын-

Саусағыңның табы кетпей қолымнан.

 

Дүбірі көп дүрбелеңнен шошымай,

Көңілімнің көркейіп ед көші қай?

Сен әдемі ән силаған әлемім,

Астаң-кестең болып кетті осылай...

 

Айтар сөзде азайғандай сірә мән,

Ақиқатты іздейікші мынадан.

Сені мендей сүйген жоқ қой әлі ешкім,

Мені сендей сүйе алмайды бір адам.

 

Көкіректен көшірейік құсаны-

Құлазыған баққа оралсын құс әні...

Жарығым-ай жаныма кеп жантайшы,

Жалғыздықтың қандай суық құшағы...

 

Ұғар дейсің жүректің бұл сәтін кім?

Жанарымнан жыр саулатып жатыр мұң.

...Жалғыз өзің жан адамға сездірмей,

Сенде жылап отырсың-ау, Ақылдым...

Менімен хабарлас Pt

 

acura_platinum@mail.ru      Тел. +381 (765) 400-372

  • Facebook Basic Black
  • Twitter Basic Black
  • Instagram Basic Black

Отлично! Сообщение получено.

© 2016 Бұл сайт Platinum үшін арнайы жасалды.

bottom of page